Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды: 
- Тұңғыш Президент саябағының алдында;
- Республика Сарайының алдында;
- Әуезов ауданында Ықылас көшесі, 8 үй мекенжайы бойынша "Таугүл" шағынауданында;
- "Шұғыла" шағынауданы, 347, мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Келесі аптада Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 13 үй, мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.
Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. 

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.