Алматыда тегін дүкен ашылды

Алматыда тегін дүкен ашылды
Сурет: SKnews.kz

Дүкенге тек әлеуметтік санаттағы отбасылар жүгіне алады.

Әлеуметтік дүкен Медеу ауданындағы Халиуллина, 71 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Медеу ауданында тұтынушыларға тауарды тегін тарататын дүкен ашылды. Әлеуметтік орталықтың бой көтеруіне «Бақытты отбасы» орталығының аналары мұрындық болған.

Осылайша, көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді көздейді. Игі бастаманы іске асыруға аудандық әкімшілік пен кәсіпкерлер қолдау танытып отыр.