Тарихы терең өсімдік

Тарихы терең өсімдік
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда тарихы екі мың жылдан асатын «ағаш пионы» өседі

Алматы ботаникалық бағында тарихы екі мың жылдан асатын, сәнді гүлдері бар, хош иісті «ағаш пионы» өсімдігі өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зообақтың мәліметінше, пиондардың шыққан жері – Қытай. Қытай деректері бойынша сәндік өсімдік ретінде пиондарға қызығушылық Хань династиясы кезінде (б.з.б. 206-220) басталған. Осылайша оның тарихы 2 мың жылдан асады. Еуропада бұл өсімдік 18 ғасырда пайда болды және оны кәсіби гүл өсірушілер мен әуесқойлар бағалаған.

«Ағаш пион немесе жартылай бұталы пион (лат. Paeónia × suffruticósa) – пион тұқымдасының (Paeoniaceae) гибридті шыққан өсімдік түрі. Ағаш пионы – биіктігі бір жарым, екі метр болатын жапырақты бұта. Қалың тік сабақтар ақшыл қоңыр түске боялған. Гүлдер сабақтардың ұштарына орналасқан, олардың диаметрі 12-ден 20 сантиметрге дейін немесе одан ұзын болады. Мұндай гүлдер қос, жартылай қос және қарапайым болып бөлінеді. Олар ақ, күлгін, сары, қызғылт, қызыл-қызыл түстерге болады. Ағаш пиондары неғұрлым кәрі болса, соғұрлым жақсы гүлдейді. Шөпті пионға қарағанда ағаш пиондары екі апта бұрын гүлдей бастайды, ұзақтығы 14-21 күнге созылады. Ағаш пиондары суыққа төзімді болып келеді», - деп мәлімдеді зообақтың баспасөз қызметі.

Алматы ботаникалық бағында ағаш пиондары «Шығыс Азия» коллекциялық алаңы мен қоғамдық жерде өседі. Гүлдеген пион бұталарын орталық  аллеядан көруге болады.