Алматыда такси жүргізушісіне қоқан-лоқы жасағандар құрықталды

Алматыда такси жүргізушісіне қоқан-лоқы жасағандар құрықталды
Сурет: Liter.kz

Қылмыс түбі - жаза.

Қалада такси жүргізушісін тұншықтырып, қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында, 3 тамыз күні, “Халық Арена” аймағында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды. Полиция бұрын қарақшылық шабуыл және тонау бойынша сотталған күдіктілерді тез арада ұстады. “Яндекс такси” жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалды. Түнгі сағат бір жарым шамасында ол өтінімді қабылдады, клиенттерді “Саяхаттың” ауданына алып бару керек болды. Жәбірленуші қыздың айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен соң, олардың бірі жүргізушіні мойнынан қылқындырады. Есінен танып қалған қыз жолаушылар отыратын артқы орындықтың еденінде оянады. Қарақшылар оның банк картасы мен телефонын алып алған. “Теректі” ықшамауданының аймағында қызды көліктен шығарып жібереді. Осыдан кейін ғана жәбірленуші полицияға хабарласа алады. Келген полиция қызметкерлеріне күдіктілердің белгілерін айтқан соң, жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.

Олар бұрын бірнеше рет сотталған 34 және 23 жастағы ер адамдар болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Алматы қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.