Алматыда тағы да «егіз» көлік табылды

Алматыда тағы да «егіз» көлік табылды
Сурет: Polisia.kz

Екі көлік те айып тұрағына қойылды.

Алматыда кезекті «егіз» көлік табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ІІМ ресми сайтының мәліметінше, тәртіп сақшыларының назарына іліккен  Toyota Estima көліктері Ресей Федерациясының есебінде тұрған.

«Біздің бөлімшенің экипажы алдымен егіз көліктің бірін ұстады. Одан әрі, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, қала жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі мен құжаты бірдей тағы бір көлік жүргендігі анықталды. Шағын автобус санаулы минуттарда табылды және ұсталды. Екі жүргізуші де көліктерін заңды түрде сатып алғандарын алға тартып, бұның қалай болғандығын түсінбей отыр. Екі шетелдік көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Аталмыш дерек бойынша аудандық полиция басқармасында ресми тергеу басталды», – деді ЖПҚБ мамандандырылған батальонның командирі Жәнібек Өскембаев.