Алматыда тәртіпке бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Алматыда тәртіпке бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында ашық сот отырысы өтті.


Онда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Наурызбай аудандық пробация қызметінің бақылауына алынған А. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Наурызбай аудандық пробация қызметінде барлығы 250 адам бақылауға алынған. Аудандық соттың қаулысы бойынша бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған сотталған А. ҚК-нің 106-бабы бойынша жазалы деп танылып, кәмелетке толмағандықтан пробация бақылауына алынған болатын. Алайда ол пробация инспекторларының жаза өтеу тәртібі жайлы түсіндіру жұмыстарына қарамастан бірнеше рет қасана тәртіп бұзды. Сондықтан пробация тарапынан оның жазасын ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс жолданған болатын», – дейді Наурызбай аудандық пробация қызметінің инстекторы Б.Базарқұлов.



Жаза өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу мақсатында аталған ашық сот отырысына пробация қызметінде есепте тұрған басқа да сотталушылар қатыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37