Алматыда судың кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді

Алматыда судың кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді
Сурет: Almaty.tv

Синоптиктер жаңбыр сағат кешкі 17-18-ге дейін аяқталатынын болжады.

Алматылық мамандар 24 маусым күні жауын-шашын түскен кездегі коммуналдық қызметтердің қалай жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 24 маусымда сағат 14:30-дан бастап Алматы қаласында нөсер жауын жауа бастады.

«Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, жалпы саны 682 адам, 245 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 1950 қап құм дайындалды», - делінген арнайы қызмет хабарламасында.

«Қазгидромет»  РМК болжамы бойынша, жаңбыр сағат кешкі 17-18-ге дейін аяқталады. Ертең 25 маусым күні жауын-шашын болмайды.