Алматыда су тарифі арзандады

Алматыда су тарифі арзандады
Сурет: Pikabu.ru

Алматының екі ауданында су бағасы арзандады

 Алғабас және Ақбұлақ шағын аудандарында су тарифі төмендеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz egemen.kz сілтеме жасап.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің қызметкерлері талдау жүргізген. Нәтижесінде бекітілген тарифтік сметаның шығын баптары 5 пайыздан артық орындалмағаны және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз кіріс сомасы Алғабаста 12 470 340 теңге, ал Ақбұлақта - 3 003 340 теңге болғаны анықталды.

Енді Алғабаста сумен жабдықтау қызметінің тарифі 35,26 теңгеге арзандап, ҚҚС есебінсіз текше метрге 69,00 теңге болды. Бұл қолданыстағы тарифтің 33,81 пайызы (қолданыстағы тариф - 104,26 теңге/м3). Жеңілдетілген тарифті қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 31 қазанына дейін.

Ал Ақбұлақтағы тариф 26,63 теңгеге арзандаған, ҚҚС-сыз 60,64 теңге/м3 немесе қолданыстағы тарифтің 30,5 пайызы (қолданыстағы тариф - 87,27 теңге / м3). Жеңілдетілген тарифті қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.