Алматыда стоматологтардың халықаралық конгресі өтті

Алматыда стоматологтардың халықаралық конгресі өтті
Сурет: 24.kz

Стоматологиялық ауруларды тиімді емдеу тәсілдері талқыланды

Қазақстанда стоматологиялық емханалар негізінен ірі қалаларда шоғырланған. Ал ауылдық жерлерде маман жетіспейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әсіресе, балалар стоматологы, бет-жақ хирургтері тапшы. Дегенмен салада бірқатар іс атқарылып жатыр. Жиында терапиялық, ортопедиялық, хирургиялық, балалар стоматологиясы мен дентальды имплантология салаларын дамыту жайы көтерілді.

Бұл конгресс Қазақстан стоматологтары қауымдастығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«Қазір стоматологияда инновациялық технология кеңінен қолданылады. Ауруды асқындырмау үшін функционалды диагностикаға басымдық берілуде. Оның маңызы зор. Осыған байланысты конгресте 12 елден келген мамандар өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар пандемия кезінде медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға қатысты баяндамалар оқылды», - дейді Қазақстан стоматологтары қауымдастығының басқарма төрайымы Майра Көкбаева.