Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Сурет: Vesti.kz

Атлеттер 28 мамырға дейін өзара мықтыны анықтайды.

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Ел біріншілігі биылғы Азия чемпионатына іріктеу додасы болып табылады. Отандық атлеттер 28 мамырға дейін өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетерлігі, биыл Азия чемпионаты Катар астанасы Дохада өтеді. Құрлықтық біріншілік 12-19 маусымға жоспарланған.