Алматыда спорт залдардан бөтеннің затын ұрлауға машықтанған жігіт ұсталды

Алматыда спорт залдардан бөтеннің затын ұрлауға машықтанған жігіт ұсталды

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Ол тек спорт залдарында бөтеннің мүлкін ұрлауға маманданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Келушінің атын жамылған жас жігіт мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, адамдар қалдырып кеткен құнды заттар мен ақшаны ұрлаған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол - 22 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас алты эпизодқа қатыстылығын анықтады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.