Алматыда соңғы алынған 131 сынамада 77 британдық «Альфа» штаммы болса, 46 жағдай үндістандық «Дельта» штаммы анықталып отыр

Алматыда соңғы алынған 131 сынамада 77 британдық «Альфа» штаммы болса, 46 жағдай үндістандық «Дельта» штаммы анықталып отыр
Сурет: 24 kz.

Алматыда соңғы алынған 131 сынамада 77 британдық «Альфа» штамы болса, 46 жағдайда үндістандық «Дельта» штамы анықталып отыр

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткізген баспасөз мәслихатында үнділік «Дельта» штамының Алматыда өршуіне байланысты 26 маусымда №19 қаулы қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматыда ковид жұқтырудың 55 мың жағдайы тікелген. Маусым айында 3889 жағдай тіркелген және осы айда ауру жұқтыру 1,5 есеге өскен.

Алынған соңғы 131 сынаманың 77 жағдайында (59 %) британиялық «Альфа» штамы болса, 46 жағдайында (35%) үндістандық «Дельта» штамы анықталып отыр. Одан басқа 2 сынамадан Оңтүстік Африка штамы анықталса, 1 сынамадан Георг штамы табылыпты.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, кнауқастардың 23% індетті сауда орталықтарында жұқтырса, 17% қоғамдық көліктерде, 12% базарларда, 10 % тойлар мен әр түрлі ас беру отырыстарында жұқтырады екен.