Алматыда сотталғандарды бейімдеуге арналған біріккен отырыс өтті

Алматыда сотталғандарды бейімдеуге арналған біріккен отырыс өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында 21 мекемемен шарт жасалған

 «QAZAQSTAN JASTARY» Қоғамдық қорының бастамасымен, Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеуге қатысты дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел барысында сотталып келгендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қабылданған жоба барысында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Отырысқа Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробациялық бақылау қызметтерінің өкілдері және мекемелердің жасақ бастықтары әділет майоры А. Жылқыбаева, әділет майоры Қ. Тұрлыбеков, әділет капитаны Б.Жақанов, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың арасында тәрбиелік, әлеуметтік — психологиялық жұмыс тобының бас маманы әділет подполковнигі Ш. Хусайнова, Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы Г. Мейірбекова және психолог Е.Тажибаев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында пробация қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада пробация есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында 21 мекемемен шарт жасалғаны және 51 психологиялық және құқықтық кеңестер берілгенін атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында жобаны талқылаушылар еркін пікір алмасып, ҚАЖД қызметкерлері жоба авторларына келер жылы атқаруға тиісті іс-шаралар жоспарын ұсынды және аталған жобаның артықшылығы мен жетілдіретін тұстарына тоқталды.