Алматыда сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды

Алматыда сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды Сурет: Polisia. kz

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінде сотталғандарды ұстау режимін тиісті қамтамасыз ету, оларды денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелеріне апару кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында медицина мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Almaty -akshamy. kz Polisia. kz-ке сілтеме жасап.
Дөңгелек үстелге ҚАЖД басшылығы және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Л.Имагалиева, №24 қалалық емхана басшысының міндетін атқарушы М.Алиева, №4 қалалық аурухана басшысының орынбасары Н.Биконуров, орталық қалалық клиникалық аурухана басшысының орынбасары Ғ.Тірмаханов, №7 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі И.Курмаев қатысып, аталған мекемеде ұсталатын сотталғандарға көмек көрсету және оларға медициналық көмек көрсету үшін республиканың басқа өңірлеріне жіберу фактілері талқыланды. Сондай-ақ білікті медицина мамандары сотталғандарды мекеме аумағында қарау үшін дәрігерлерді шақырып, науқастарды қаладағы денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелеріне апару санын азайту мәселесін де талқылап, сотталғандарды жаза өтеу орындарында емдеу туралы ойларын ортаға салды. Денсаулық сақтау орындарында сотталғандарға тіркелген жері бойынша, яғни ҚАЖ мекемесінің орналасқан жері бойынша медициналық көмек көрсету, қалалық ауруханаларда сотталғандарға арнайы палаталар қарастыру, диспансерлік есепте тұрған арнайы контингенттердің уақытылы медициналық тексерістен өтуі сияқты мәселелер де мамандар талқылауынан тыс қалған жоқ. Дөңгелек үстел барысында осындай іскерлік кездесулерді алдағы уақытта да жиі ұйымдастырып, бірігіп қызмет көрсету келісілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37