Алматыда сотталған балаларға короновирусқа қарсы екпе салынды

Алматыда сотталған балаларға короновирусқа қарсы екпе салынды
Сурет: Polisia.kz

Індетке қарсы вакцина алу жұмыстары бас бостандығынан айыру орындарында да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Осы орайда жуырда Алматы қаласындағы балалар колониясында 18 жасқа толған, мекемеге жаңадан келген сотталғандар балаларға екпе салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған жұмысты жүзеге асырған Алматы қаласының №5 ауруханасының медицина қызметкерлері жасөспірімдерге вакцинадан кейін қандай реакция болуы мүмкін, сол кезде өзіңді қалай ұстау керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға да короновирустық инфекциядан сақтану мен вакцина алудың маңызы туралы кеңес берілді. Балалар колониясында екпе салудың екінші кезеңі де талапқа сай жүзеге асырылды.