Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды

Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты Шұғыла шағынауданы, Бәйтелі батыр көшесі, 24 мекенжайындағы заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Нәтижесінде Алматы қалалық сотының шешімімен Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, сот аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Ғимаратты бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. Салушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқармасы да «AРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-на заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызын қозғады.

2021 жылғы 9 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Осыдан кейін қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсірді: талап арыз қанағаттандырылды.