Алматыда соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркін жаңарту басталды

Алматыда соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркін жаңарту басталды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

№1 Алматы троллейбус паркі ұзындығы 12 метр болатын төмен еденді Yutong ZK6128BEVG троллейбустардың бірінші партиясын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жылжымалы состав осыдан 11 жыл бұрын жаңартылған болатын. Сол кезде қала қытайдың Neoplan Youngma маркалы троллейбустарының үлкен партиясын алған еді. Ұзақ уақыт пайдаланғандықтан олардың тозығы жетті.




Бүгінгі күні Алматыға 55 троллейбус жеткізілді. Ағымдағы жылдың 18 қарашасынан бастап №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6. бағыттарда 19 жаңа жылжымалы бірлікті іске қосу жоспарлануда. Қалған троллейбустар техникалық дайындықтан өткен соң желіге шығарылады.



Жаңа «Ютонгтар» жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Электр қуаты өшіп қалса да, бұл троллейбустар кіріктірілген батареяның арқасында қозғалысын жалғастырады. 



90 орындық кабинада бейнебақылау жүйесі, телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштары және қуатты кондиционер бар. Кабинада заманауи электроника орнатылған, оның ішінде жүргізушінің әрекетін тіркейтін борттық жазғыш бар.


Төтенше жағдайда троллейбус автоматты өрт сөндіру жүйесімен және шұғыл қызметтерге қоңырау шалу түймесімен жабдықталған. Автоматты құрылғы жолаушыларды жайлы отыруларына, оңай түсулеріне. қауіпсіздіктеріне ықпал етеді.


Жаңа көлікті сынап көрген жүргізушілер оның маневрлік қабілетінің жоғары екенін атап өтеді. Бұл Алматы көшелерімен жүруге өте ыңғайлы.


Айта кетерлігі, жаңа троллейбустардың барлық партиясы ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09