Алматыда соқтығысқан екі көліктің біреуі үйдің қоршауына шығып кеткен

Алматыда соқтығысқан екі көліктің біреуі үйдің қоршауына шығып кеткен
Сурет: Кrispi.almaty

Жүргізушілерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Алматыда жол апаты салдарынан көлік жекеменшік үй қоршауына шығып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға кеше түнде Түрксіб ауданында болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22.50 шамасында Honda маркалы автокөлігін тізгіндеген 2002 жылы туған К. есімді ер адам Енисейская көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

«Папанин көшесі қиылысында 2.5 жол белгісі талабын орындамай, Папанин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Д. тізгендеген Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі көлік те зақымданған», - деді Алматы ПД өкілдері.

 «Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Материалдарды Түрксіб ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске алды», - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.