Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті Сурет: Ашық дереккөз

Жалпы, жемқорлық деректері жиі кездеседі деген алты сала белгіленген


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары, қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Жиында сөз алған Әлішер Әбдіқадыров сыбайлас жемқорлыққа уақытылы және үйлестірілген әрекетпен ғана тиімді қарсы тұруға болатынын атап өтті.




«Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде күш-жігерді біріктіру қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жоспарында белгіленген іс-шаралардың тиімділігі мен орындалу сапасын басымдықпен айқындауы қажет», - деді қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров. 



Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгенін, оған еліміздің әрбір өңірінің ең өзекті мәселелері енгізілгенін атады. Картада әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты шешімі табылмаған мәселелердің тізбесі көрсетілген.


Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім 6 бағыт анықталды, олар - құрылыс, экология, фискалдық сала, әлеуметтік сала, экономика және қаржы.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары айтқандай, бүгінде Алматы қаласы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатыр, әкімшілік кедергілерді жою, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін білім беру, денсаулық сақтау, көлік, жер қатынастары саласындағы жұмыс оңтайландырылды, мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, мемлекеттік аппараттың қоғаммен сындарлы диалогы құрылды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26