Алматыда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Atpress.kz

Онда 50-ден астам өнім саттыққа шығарылады.

Алматыда 2022 жылғы 15-16 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жәрмеңкеге ШҚО және Абай облыстары шаруа қожалықтары мен фермелері қатысады.

 Тауарлар ассортиментінде 50-ден астам өнімнің атауы бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануар майлары және т. б.).

Өнімнің жалпы көлемі – 168 тонна, оның ішінде:

  • Ет өнімі – 40 тонна;
  • Жеміс-көкөніс өнімі – 30 тонна;
  • Сүт өнімі – 20 тонна;
  • Балық өнімдері – 13 тонна;
  • Бал – 40 тонна;
  • Өзге өнімдер – 25 тонна. 

Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында ("Ғылым ордасы" археология мұражайына қарама-қарсы).