Алматыда «Шексіз махаббат» арт-нысаны ашылды

Алматыда «Шексіз махаббат» арт-нысаны ашылды
Сурет: Almaty-akshamy

Көзге әдемі көрінетін дүниенің бәрі көңілге де жайлылық сыйлайды.

Астана күнінің қарсаңында Түрксіб ауданында жаңа арт-нысан ашылып, тұрғындар тағы бір қуанышты мерекеледі, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Жалпы, республика шеңберінде кәсіпкерлер өзара бірігіп, қоғамдық бірлестік құрып, жиналған ақшаға осы нысанды жасатқан. «Шексіз махаббат» деп аталатын арт-нысанды Алматыға сыйға тартты.

Отанға деген, әлемге деген, жақындарыңыз бен туыстарыңызға деген сүйіспеншілікті білдіретін жаңа нысан ауданның Арбатынан орын тепті. Ашылу салтанатына Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Емек Бесеуов пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Әлімбетов қатысып, ізгі тілектерімен бөлісті. Іс-шараға қатысқан жоба кәсіпкерлері бұл бастаманың әлі де жалғасын табатынын айтып өтті.

«Пандемиялық ахуалға байланысты көп адамдар қазір негативті көңіл күйде жүр. Көзге әдемі көрінетін дүниенің бәрі көңілге де жайлылық сыйлайды. Паркте серуендеп жүрген тұрғындарды сүйіспеншілікке, жылулыққа бөлейтін мұндай нысандардың қатары артқаны дұрыс. Әрі қаламызға да көрік береді. Сондықтан мұндай бастамалардың одан әрі жалғасын тапқаны құба-құп», – деді  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Әлімбетов.