Алматыда «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерт өтті

Алматыда «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерт өтті
Cурет: Almaty.tv

Кеште Шәмшінің көпке таныла қоймаған әндері шырқалды

Алматының Республика Сарайында «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Ұлттық және вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен кеште Шәмшінің көпке таныла қоймаған әндері шырқалды. Айта кетейік, залды көрерменге лық толтырған концерттің ұйымдастырушысы - Түркістан облысының Қалдаяқов атындағы филармониясы.

«Қазақ әні десе Шәмші кімнің болса да көз алдына елестейді. Мұндағы халықтың келуі де, билеттің өтуі де біздің көңілімізден шығып, қатты қуанып отырмыз. Алматы қаласының мәдениет басқармасына рақметімізді айтқымыз келеді осындай мүмкіндік бергеніне», – деді Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.

Шәмшінің өміршең әндерін дәріптеуді мақсат еткен концертке Түркістан облысының мәдениет қайраткерлерімен қатар, еліміздің танымал әншілері де қатысты.

«Концерттің ерекшелігі өздеріңіз көріп отырғандай, «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрімен бәрі жанды дауыста өтті. Шәмші атамыздың бүкіл әні шырқалды. Мен ойлаймын, бүгінгі концертке келген халқымыз риза болады», – деді дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева.