Алматыда шағын футболдан қалалық турнир өтті

Алматыда шағын футболдан қалалық турнир өтті
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Шағын футболдан қалалық турнир Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Мақсаты - жастардың ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Осы спорттық іс-шараның арқасында біз халық жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы мұрасына құрмет көрсетеміз. Мұхтар Әуезов спортпен белсенді айналысып, Қазақстанның бірінші футбол құрамасында өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Бұл - жас ұрпаққа үлгі.

 Турнирге Алматы қаласының жоғары оқу орнынан 16 команда қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша, 1-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2-орынды Туран университеті, 3-орынды Қазақ спорт және туризм академиясы иеленді. Сондай-ақ, «Үздік қорғаушы» аталымымен Тимур Бегалиев (Туран университеті), «Үздік шабуылшы» - Айдос Мақай (Абай атындағы ҚазҰПУ), «Үздік қақпашы» - Бегімхан Нарымбет (Қазақ спорт және туризм академиясы) марапатталды.