Алматыда сазгер Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтеді

Алматыда сазгер Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтеді Сурет: Ашық дереккөзі

20 қыркүйек күні Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында белгілі композитор, актер, мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентайдың «Қолымнан не келеді?» атты шығармашылық кеші өтеді деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


Кеште Мейрамбек Бесбаев, Еркін Шүкіман, Асқар Наймантаев, Шахизада, Алмат Сақатов, Нұржан Тұтов, Әсет Иманғалиев, Ершат Қайырхан,  Бауыржан Жылқыбаев, Роза Әлқожа, Рабиға Ағманова және тағы басқа танымал қайраткерлер өнер көрсетеді.



«Ал, ардақты һәм Ұлы мәртебелі, патша көңілді көрермен! Сіздермен жүздеспегелі, алдарыңызға шығып ән салмағалы, әдемі әзіл сыйламағалы үш жылдың жүзі бопты. Сіздерді қайдам, өз басым гастрольді, сахнаны сағындым… Араға біраз уақыт салып, сіздер мен біздер Алматының «Алатауында» бас қосатын болдық!», – деді кеш иесі.



Айта кетейік, әнші-сазгер Қадырғали Көбентайдың «Сайтан көбелек», «Өнер адамы», «Жоғалтып алма сен мені», «Ауылға сәлем», «Мен ауылдан кеткенде», «Иығыңа сүйеп едім басымды» сынды бірнеше әні халық арасында кеңінен таралған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55