Алматыда сайлаушыларды шоколадпен қарсы алды

Алматыда сайлаушыларды  шоколадпен қарсы алды Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы көптеген сайлау учаскесінде таңғы 7-ден бастап дауыс беруге барғандар қатары қалың.


Олардың ішінде Алмалы ауданының №144 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан №60 сайлау учаскесі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.



«Біздің учаскедегі бюллетеньдер саны – 2644. Дауыс беру уақыты аяқталғанша сайлаушылардың саны әлі де өседі деп күтілуде. Таңертеңнен бастап дауыс бергісі келетіндер өте көп. Біз 18 жасқа толып,  алғаш рет дауыс беруге келген сайлаушылар үшін  «Қазақстан» шоколады мен жалаулар дайындадық»,-деді учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Венера Қыстауова. 



Оның айтуынша, сайлау учаскесіне әртүрлі жастағы азаматтар барады. Біразы басқа жұмыстарымен алаңсыз айналысу үшін ертерек дауыс беріп кетеді. Мысалы, энергетик Мельдихан Смайылов үшін жексенбі күнгі жұмыс азаматтық борышын орындауға кедергі емес. Ал кейбір азаматтар түнгі кезекшіліктен кейін дауыс береді.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Әлі дауыс беріп үлгермегендер өзінің сайлау учаскесіне барып, жеке куәлігі арқылы дауыс бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09