Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды

Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруге келуі үшін жағдай жасалды. 

ҚР ЕХӘҚМ үйлестіру кеңесінің мүшесі, I топтағы мүгедек Ұлан Инкарбеков өзінің №42 сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтуде. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Ешқандай бұзушылықтар жоқ, адамдардың дауыс беруге біртіндеп келіп жатқанын көремін. Мүгедектерге ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина өте қолжетімді болды: көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар арнайы бюллетеньдер қарастырылған әрі іші кең. Мен өз арбаммен тыныш кіріп-шыға алдым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды», - дейді Ұлан Инкарбеков.