Алматыда саяси науқанға дайындық барысы пысықталды

Алматыда саяси науқанға дайындық барысы пысықталды Сурет: Zakon.kz

Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалуы тиіс.


Сондықтан жер-жерде оқыту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алматыда да Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, жергілікті комиссия мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Семинар барысында сайлау заңына енгізілген заң тетіктері де таныстырылды. Сондай-ақ жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Айта кетейік, мегаполисте 1 млн 200 мыңға жуық адам дауыс бере алады. 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың 59-ы жабық мекемелерде орналасқан.



«Біз бүгін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе алдағы сайлауға дайындық барысын пысықтап жатырмыз. Саяси науқанға келушілерге барынша жағдай жасалуы керек. Әсіресе қарт адамдардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне еш кедергі болмауы тиіс»,  - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31