Алматыда сауна өртенді

Алматыда сауна өртенді
inform.kz

Алатау ауданында сауна өртенді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні кешкі сағат 20:02 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Сухамбаев көшесі 21 мекен-жайы бойынша жоғары дәрежеге шақырту бойынша аттанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 5 минутта жетті. Екі қабатты кешеннің төбесінде орналасқан сауна өртеніп жатты. Тілісіз жаудың жапсарлас ғимаратқа таралу қаупі туындады. Дереу өртті сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді, штаб құрылып, екі өртке қарсы жауынгерлік учаске құрылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары адамдардың бар-жоғына барлау жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлады ведомстводан.

Өрт бір сағат ішінде сағат 20:46-да толық сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында кешеннің бірінші және екінші қабаты (сауда орындары, дене шынықтыру залы) өрттен аман қалды.