Самбодан сайыс басталды

Самбодан сайыс басталды сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Іс-шара генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған.


Алматыда Жеңіс күніне самбо күресінен және жауынгерлік самбодан ерлер арасында халықаралық шеберлік турнирі басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Салтанатты ашылу рәсімі ҚР ҚМ ЦСКА СК спорт базасында өтті. Бұл шара генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған.



Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстанның облыстарынан, еліміздің құқық қорғау органдарынан келген командалар қатысуда.



«Турнир самбоның олимпиадалық және жауынгерлік түрлері бойынша жеті салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Биылғы жылы турнир шеберлік турнирі мәртебесіне ие болды, яғни жеңімпаздарға спорт шебері атағы беріледі. Сондай-ақ, жеке және командалық есепте олар «Динамо» ФСО Орталық кеңесінің кубоктарымен, медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады», - дейді ұйымдастырушылар.



Турнирді ҚР ІІМ, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Орталық кеңесі, сондай-ақ самбо және жауынгерлік самбодан республикалық және Алматы қалалық федерациясы ұйымдастырды.



Финалдық жекпе-жек пен марапаттау рәсімі 7 мамырда өтеді.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37