Алматыда салмағы небәрі 510 грамм болып туған шақалақты дәрігерлер аман алып қалды

Алматыда салмағы небәрі 510 грамм болып туған шақалақты дәрігерлер аман алып қалды
Сурет: Opennews.kz

Анасы оны жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге әкелген.

Ақ халаттылар 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті. Нәресте бір ай бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан. Бала шала туғандықтан, ретинопатия дерті анықталған. Офтальмологтар дереу операция жасап, ол сәтті өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, өздігінен емеді, салмағы 2700 граммға жеткен.

«Өміріне ешқандай қауіп жоқ. Өзі демалады, өзі емеді, жетілуі қалыпты. Егер әйелдің денсаулығында ауытқулар болса, инфекциялар болса, ол да баланың дамуына әсер етеді. Былтырғы есептеуіміз бойынша экстремалды төмен салмақпен 63 бала шығарылды. Жалпы түскен бала саны – 93», - дейді Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ақмарал Бекайдырова.