Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйдегі өрт өшірілді

Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйдегі өрт өшірілді
Сурет: Saryarka-samaly.kz

Тұрғын үй кешенінен шыққан өрт ауыздықталды. 

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 қараша күні түскі сағат 14: 57 –де өрт сөндіру көліктері Бостандық ауданы, Абай даңғылы мен Қашғар көшесінің қиылысында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Оқиға орнына 4 минутта жеткен алғашқы бөлімше 9 қабатты ғимаратың 2-қабаты жанып жатқанын анықталды. Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те толық сөндірілді»,- деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.