Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді

Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді
Сурет: Inform.kz

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтеді.

Сәуірдің 13 күні Алматыдағы Құрманғазы оркестрінің концерт залында Қазақстанның Халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгүл Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды артистер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.

«Айта кетейік, бұл мерейтой 1 наурыз күні Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен Елордамыздағы «Қазақстан» концерт залында бастау алған еді. Сол салтанатты концертте Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мырза ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын тұлғалар тізіміне енген даңқты әншінің ғасырлық тойы ресми түрде басталғанын айрықша атап өтіп, мерейтой республика көлеміндегі іс-шараларға ұласатынын айтқан болатын. Енді міне, Роза Тәжібайқызы 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен "Қазақконцерттің" Алматыдағы бұрынғы ғимаратында, қазіргі Құрманғазы оркестрінің концерт залында күміс көмей әншінің тамаша әндері шырқалатын болады», - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.