Алматыда Республика күнінің құрметіне арналған автошеру өтті

Алматыда Республика күнінің құрметіне арналған автошеру өтті
Сурет: Liter.kz

"Almaty Arena" мұз сарайынан "Halyk Arena" мұз сарайына дейін қала көшелерімен мемлекеттік ту ілген автокөлік әуесқойлары клубының атынан 50-ден астам автокөлік жүріп өтті. Автокөлік легін қаланың жол-патрульдік полиция қызметкерлері алып жүрді. 

«Halyk Arena» мұз сарайының тұрақ аймағында автофлешмоб ұйымдастырылды. Көліктерден ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған 25 қазан күнін білдіретін «25» саны қойылды.