Алматыда ресейлік интернет-алаяқ ұсталды

Алматыда ресейлік интернет-алаяқ ұсталды Сурет: 24.kz

Қарағанды облысының полицейлері ресейлік интернет-алаяқты Алматыдан ұстады.


Ер адам қазақстандықтарды 15 млн теңгеге алдап-соққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Белгілі болғандай, күдікті Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғынын «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз» деп алдаған. Жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан. Соңында қарағандылық азамат алаяқтарға 5 млн 200 мың теңгеден астам қаражат жіберген. Әккі алаяқтардың қармағына түскенін түсінген ол дереу жергілікті полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты ізін суытпай тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09