Алматыда Ресейден заңсыз жолмен тасымалданған 13 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды

Алматыда Ресейден заңсыз жолмен тасымалданған 13 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды
Сурет: Inform.kz

Заңсыз жолмен әкелінген алкоголь өнімі анықталды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, көрші елден тасымалданған алакогольдің 10 мың литрден астамы пластикалық ыдыста сақталған. Ал, бұған ҚР заңнамасына сәйкес тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сондықтан, іс құқық қорғау органдарына жолданды.

«Тексеріс кезінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін цех анықталды. Онда арнайы құрылғы мен спирт арқылы түрлі ішімдік дайындалған. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана зиян келтіріп қоймай, халықтың денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді», - деп хабарлады департаменттен.