Алматыда «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске қатысты 67 мыңға жуық кеңес берді

Алматыда «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске қатысты 67 мыңға жуық кеңес берді
almaty-akshamy.kz

2022 жылғы қаңтар-қараша айларының аралығында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы 66 910 кеңес беру қызметін көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Осы кезеңде орталық мамандары жалпы сомасы 43,8 млрд. теңгеге тең 250 жобаға қызмет көрсетті. «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымдары – «Almaty finance» ЖШС мен «Almaty» МҚҰ» ЖШС-нен тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген несие алуды қосқанда, түрлі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде ШОБ қаржыландырды. Кейбір жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде гранттық қаржыландыруға и болды.

Биыл 11 айдың ішінде орталықтың қолдауымен кәсіпкерлер құрылыс, жер қатынастары, инженерлік желілер жүргізу, кәсіпкерлік қызметті лицензиялау және көптеген т.б. саладағы 836 рұқсат құжатын алды. Сонымен бірге, жыл басынан бері орталық менеджерлері 1 059 бизнес-жоспар әзірледі. Кәсіпкерлік сауаттылыққа 6 447 тыңдаушы, оның 5 512-і онлайн, 155-і оффлайн және 780 тыңдаушы аралас форматта оқытылды.

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің  2019 жылғы 23 шілдедегі №3/464 қаулысына сәйкес, «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде құрылды. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлер мен бизнес бастамашыларды қолдау сынды орталықтың барлық қызметі тегін көрсетіледі. Орталықтың міндеті – Алматы қаласы халқының кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, жұмыс істеп тұрған бизнеске және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа жобаны тиімді іске асыруға көмектесу, кәсіпкерлікті дамытуға бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою, бизнес идея пайда болған сәттен бастап жобаны қаржыландыруға және іске асыруға дейінгі дамудың барлық сатысындағы кәсіпкерлерді кешенді түрде қолдау.