Алматыда пәтер сату туралы жалған келісімшарт жасаған алаяқ ұсталды

Алматыда пәтер сату туралы жалған келісімшарт жасаған алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Пәтер сатуға байланысты жалған құжатпен жұртты алдап келген алаяқтың ісі ашылды

Алматыда пәтер сату туралы жалған келісімшарттар жасаған ақмолалық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары аясында пәтер сатып жүрген күдіктіні анықтады. Ол Ақмола облысының тумасы болып шықты.

«35 жастағы И.есімді азамат пәтер сату туралы хабарландыруларды орналастырды. Сатып алушылар пайда болған кезде ол жалған сату-сатып алу келісімшартын жасаған. Ол ақшаны алып, сатып алушымен байланысын үзіп, белгісіз бағытта жасырынған. Күдікті соңғы мәмілені 11 миллион теңгеге жуық сомаға жасаған», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл адамның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Алмалы аудандық полиция басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.