Алматыда психотроптық заттарды сатқан күдікті ұсталды

Алматыда психотроптық заттарды сатқан күдікті ұсталды Сурет: Polisia.kz

Жеңіл ақша табуды ойлаған 27 жастағы күдікті ұсталды. 


Алматы полицейлері психотроптық заттарды сатты деген күдікпен 27 жасар азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, күдікті күндіз «Алмагүл» ықшамауданында психотроптық заттарды байланыссыз түрде сататын, яғни оларды «қойып кету» арқылы таратып, жеңіл ақша табуды көздеген.



«Жергілікті тұрғындардың қырағылығы қылмысқа дер кезінде әрекет етуге көмектесті. Олар күдікті жігітті байқап, бұл туралы учаскелік инспекторға хабарлады. Ол бірден көрсетілген мекенжайға келіп, күдіктіні ұстады. Жеке тексеру кезінде күдіктіден изолентамен оралған 33 бума тәркіленді, кіре берістен тағы екеуі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның ішінде синтетикалық есірткі болған. Бұл факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі тарату каналын білу және «жұмыс беруші» деп аталатын тұлғаның жеке басын анықтау бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде», – деді Бостандық аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55