Алматыда прокуратураның араласуынан кейін газ бағасы төмендетілді

Алматыда прокуратураның араласуынан кейін газ бағасы төмендетілді
Сурет: Ria.ru

Тариф 1 мың текше метр үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін арзандады.

Алматы қаласының прокуратурасы "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомсто мәліметінше, сондай-ақ газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану деректері тіркелген.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 млн.теңге айыппұл өндірілді", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар арқылы Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы - кәсіпкерлер.