Алматыда пранк жасаған жігіт екінші рет қамауға алынды

Алматыда пранк жасаған жігіт екінші рет қамауға алынды Cурет: Inform.kz

Алматыда полицияның модульді пунктінде және қоғамдық көлік ішінде пранк жасаған жігіт екінші рет қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құқық бұзушының ұсталғаны туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook парақшасына жазды.
Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.



«Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген», - деді Рустам Абдрахманов.



Еске салсақ, бұған дейін алматылық пранк жасаушы метро мен сауда орталығында пранк жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26