Алматыда Pfizer вакцинациясын салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

Алматыда Pfizer вакцинациясын салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
www.inform.kz

Мегаполистегі №11 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Айтбаева емханада Pfizer вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

Гүлмира Айтбаеваның айтуынша, вакцинаны емханада кез келген күні (аптаның жеті күні) жұмыс күндері сағат 15:00-20:00, демалыс күндері 09:00-18:00 аралығында алуға болады.

«Өздеріңіз білетіндей, Pfizer вакцинасы 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдерге және бала емізетін аналарға арналған. Дәргерлер екпе алуға келгендерді алдымен иммундауға қарсы көрсетілімдер бойынша тексереді. Балаларға келетін болсақ, ата-анасынан жазбаша келісім алынады», - дейді дәрігер.

Бүгінгі күнге дейін №11 емханада Comirnaty (Pfizer) вакцинасын екі жүкті әйел, тоғыз бала емізетін ана, 43 жасөсіпірім алды.

«Мен ұлымды емханаға алып келдім. Екпе салдырамыз. Жасөспірімдер бір орында отырмайды, сақтық шараларын да сақтамайды. Балам жиі достарымен серуендеуге, киноға және тағы басқа жерлерге барады. Сондықтан вакцина алғаны дұрыс деп шештік. Бұл инфекция балаларда жеңіл өтеді дейді, десе де алдын алған жөн»,- дейді ата- ана.