Алматыда Pfizer екпесіне сұраныс артып отыр

Алматыда Pfizer екпесіне сұраныс артып отыр
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілген. 

Алматыда Pfizer BioNTech вакцинасына сұраныс артты. Алайда қалада бұл вакцинаның тек 9 951 дозасы қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

2021 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының 380 250 дозасы жеткізілді.

«Мамырдан бастап көптеген ел шекарасын ашқандықтан, бұл вакцинаға сұраныс өсті, себебі оған ДДҰ сертификат берген. Көп елдің талабы - Pfizer-дің екі компонентінің болуын. Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілді», - деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артты.