Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті

Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті Сурет: Polisia.kz

Ұрыларды ұстау іс-шарасын криминалдық полицияның арнайы тобы мен полицияның арнайы жасағының қызметкерлері “Арлан” қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.


Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының 6 дерегіне осы “үштіктің” қатысы бар екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Күдіктілер қылмыс жасап болған бойда ұсталды. Әуезов ауданында орналасқан пәтерден қаскөйлер 1 миллион теңгенің мүлкін – екі ноутбук пен қолма-қол ақшаны алып кеткен. Ұстау кезінде полицейлер ұрланған заттардан басқа, күдіктілерден кілттер жинағын, жиналмалы пышақ пен электрошокерді тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Айтпақшы, күдіктілер – 30 жастағы К.есімді, Ж.есімді және К.есімді азаматтар. Олар бұрын да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған. Бұл “үштіктің” жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07