Алматыда оқушылар арасында айтыс ұйымдастырылды

Алматыда оқушылар арасында айтыс ұйымдастырылды
Сурет: Qazaq1913.com

Жыр алыбы Жамбылдың туғанына - 175 жыл.

Қала күні мен Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толу мерейтойына орай қалада арнайы іс-шаралар өтті. «Жүз жасаған Жамбыл» іс-шарасы Open air жобасы аясында өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Басты мақсат  қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын қазіргі жастарға насихаттау. Жоба аясында Жабаев ескерткіші алдындағы ашық алаңда оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Бұл іс-шараның Алматы қаласының әкімдігіне қарасты рухани жаңғыру бағдарламасы аясында рухани жаңғыру мемлекеттік мекемесі тікелей ұйымдастырып жатқаны шыныменде жанға жылу беретін, рухани әлемді бір биік шыңға шығаратын жақсы бір іс-шара өтіп жатыр», – деді қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.

Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов театрының алдында ашық алаң сахнасында «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты жастар арасында айтыс өтіп, «Жүз жасаған жүректен» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.