Алматыда ойық жаралы колитпен және Кронмен ауыратын 800-ге жуық науқас бар

Алматыда ойық жаралы колитпен және Кронмен ауыратын 800-ге жуық науқас бар
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ас қорыту аурулары - әлемнің барлық аймақтарындағы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі.

Бұл өлімнің жоғары болуымен, қатерлі ісікке жиі шалдығумен және халық арасында жоғары таралуымен түсіндіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс гастроэнтерологы Бауыржан Ысқақов ӨКҚ брифингте айтты.

Жыл сайын 29 мамырда Дүниежүзілік гастроэнтерологиялық ұйым (ДСҰ) "Сіздің ас қорыту денсаулығыңыз: сау ішек" тақырыбына арналған Дүниежүзілік сау ас қорыту күні науқанын бастайды.

Қазақстан гастроэнтерологтарының қауымдастығы (оның құрамына Алматы қаласының көптеген танымал гастроэнтерологтары кіреді)  ДСҰ-ның белсенді қатысушысы болып табылады. 

"Қазақстанда жыл сайын гастроэнтерологияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткіземіз. Биылғы жылы біз Дүниежүзілік сау ас қорыту күніне қатысамыз", - дейді маман. 

Оның айтуынша, ішек "екінші ми" деп аталады және оның жүйке жүйесімен өзара әрекеттесуі өте маңызды.

Ас қорыту жүйесі ауруларының ішінде диагноз қою қиын және емдеу қиын болып табылатыны– ішектің қабыну аурулары, ойық жаралы колит және Крон ауруы. 

50% жағдайда олар колоректальды қатерлі ісікке айналады. 

Соңғы жылдары бұл аурулардың жиілігі тұрақты түрде артып келеді. 

Тек Алматыда ойық жаралы колитпен ауыратын 800-ге жуық науқас, ал  Крон ауруымен ауыратын 300-ге жуық науқас бар. 

Аталмыш аурулар диареямен, ішектен қан кетумен, салмақ жоғалтумен, ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, минералдардың, дәрумендердің жоғалуы сияқты белгілермен сипатталады. 

Диагностика гистологиялық зерттеу үшін биптаттарды қабылдаумен колоноскопия жүргізуден тұрады. Ішектің қабыну ауруларының жалпы маркері-фекальды кальпротектинді анықтау.  

Асқынған жағдайда ІҚА ауыр асқынуларға алып келеді. Бұл науқастың өміріне қауіпті - ішектен қан кету, перфорация, мегаколон, ішек стриктурасы, қатерлі ісіктің деградациясы сынды аурулар туғызып, күрделі хирургиялық араласуды қажет етеді.

Осы ауруларды уақтылы диагностикалау және тиісті емдеу арқылы пациенттердің өмір сүру сапасы жақсарады.

Аталмыш аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтану керек.

Бауыржан Ысқақов барлық жасушалардың денсаулығы мен қызметі үшін маңызды тағамдарға тоқталды: көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, бұршақ өнімдері, диеталық ет, сау майлар (майлар, жаңғақтар және тұқымдар), және робиотикалық және пребиотикалық тағамдар, шөптер мен дәмдеуіштер. 

"Сұйықтықты, әсіресе, суды жеткілікті мөлшерде ішу сау иммундық жүйе үшін өте маңызды, атап айтқанда, ішек қозғалысын реттеу, іш қатудың алдын алу және тағамның қорытылуына септігін тигізеді. Күніне кем дегенде 1,5 литр су ішуге тырысыңыз. Қантты сусындарды шектеңіз, себебі олар ішектегі" пайдалы " бактерияларды әлсіретеді. 

Алкогольді ішімдіктер ішек микробиомасының қабынуына әкелуі мүмкін", - деп аяқтады ол.