Алматыда өткен тәулікте 2 804 адам ревакциналаудан өтті

Алматыда өткен тәулікте 2 804 адам ревакциналаудан өтті
Сурет: Petrsu.ru

500 жуық адам COVID-19 екпесін салдырған.

Өткен тәулікте Алматыда вакцина алған коронавирустық инфекцияның 363 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаладағы ауруханаларда 189 пациент ем алып жатыр.

Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  0.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 484 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 224, симптомсыз 260 науқас бар.

«Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде вакцинаның I компонентін 309 адам, II компонетін 496 адам вакцина алды. Ревакциналаудан 2 804 адам өтті», - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылдың 25 шілдесі аралығында қала бойынша  I компонентті 1 234 737 адам, II компонентті 1 202 238 адам вакциналанды. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың 25 шілдесі аралығында 524 904 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасын алғандар саны 118 267 адамды құрайды.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 85 вакциналау пункті жұмыс істейді. 99 вакциналау бригадасында 313 медицина қызметкері жұмылдырылды», - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.