Алматыда өтетін WTT Contender Almaty турниріне жоғары санаттағы төреші қызмет көрсетеді

Алматыда өтетін WTT Contender Almaty турниріне жоғары санаттағы төреші қызмет көрсетеді
Сурет: Iqplanet.ru

Турнир 13-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында өтетін WTT Contender Almaty турниріне 10 шетелдік, 10 қазақстандық төреші қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Олардың ішінде әлемдегі үшінші және Азия құрлығынан Gold Badge-дің жалғыз иегері, яғни ең жоғары төрешілер санаты бар Үндістаннан келген тәжірибелі Випин Мехра. Спорттық төрешілердің әлемдік тізілімінде барлығы сегіз адам бар.