Алматыда өтетін AMANAT партиясының қалалық конференциясына 100 делегат қатысады

Алматыда өтетін AMANAT партиясының қалалық конференциясына 100 делегат қатысады
Сурет: Партия

30 қыркүйекте кезектен тыс ХV қалалық партия конференциясы өтеді

Бүгін Алматының сегіз ауданында партиялық конференциялар өтті. Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында сайланған 500-ден астам делегат AMANAT партиясының жаңа саяси платформасының жобасын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Партияның жаңа саяси платформасының ұсынылып отырған жобасы елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістердің логикасына толық сәйкес келеді. Бұл азаматтардың әл - ауқатын арттыруға ықпал ете алатын негізгі құралдар мен партиялық бастамаларды кеңінен қамтитын уақтылы идеологиялық құжат», - деп атап өтті партияның Алмалы аудандық филиалының конференция делегаты А.Ақанова.

Сонымен қатар, ертең 30 қыркүйекте кезектен тыс ХV қалалық партия конференциясы өтеді.