Алматыда «Отбасы институты» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Алматыда «Отбасы институты» әлеуметтік жобасы іске қосылды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сенім кабинеттерінде 215 адам консультация алды. 


«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасы құндылықтарын арттыру, жастар арасында отбасы институтын нығайту, жастарға көмек көрсету мақсатында Алматының 8 ауданында сенім кабинеттері ашылып, олардың жұмысы ұйымдастырылды, Сенім кабинеттерін ресімдеуде бірыңғай логотип қолданылып, 8 паучоктар мен 8 ақпараттық стенд дайындалды. АХАТ және дағдарыс орталықтарымен бірлесе отырып көптеген жұмыстар жасалды. Сенім кабинеттерінде 215 адам консультация алды.



Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде анонстық және «Отбасы деген не?» деген тақырыпта сюжеттік бейнеролик дайындалды.


Отбасыларда тиімді қарым-қатынас құру және отбасылық қатынастардың басқа да аспектілері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жастар және жас отбасылармен 10 кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 211 адам қатысып, өз пікірлерін қалдырды.


Отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қаланың  ЖОО мен ТжКБ-да онлайн/офлайн форматында дәріс және семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға 1537 адам қатысты.



23-27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясы өткізілді. Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылды. «Ашық есік күндері» Алматы қаласының 8 ауданында, онлайн режимінде өтті. Оған көптеген адамдар тұрмыстық сұрақтармен келіп, мамандардан кеңес алды, тұрақты консультацияға жазылғандар да болды. Конфиденциалдылық қамтамасыз етілді.


Әлеуметтік желілерде жобаны ілгерілету және танымал ету мақсатында 3 парақша бар: Instagram, Facebook, Вконтакте. Жалпы оқырмандар саны – 6138, жарияланымдар саны –174 болды.


Жоба аясында берілген консультациялардың арқасында 50-ге жуық адам (қызмет алушы) медиативті келісімге келіп, отбасын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет