Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті
сурет:Қ.Қонысбаев

Концерт аясында Отан қорғаушылар марапатталды. 

Алматы тұрғындары Отан қорғаушылар күнін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өткен шараның ашылу салтанатында Алматы өңірлік гарнизоны оркестрінің сүйемелдеуімен  Қазақстанның Мемлекеттік Туы алаңға шығарылды.

Даңқ мемориалына жүздеген әскери және ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ олардың жұбайлары, балалары, ата-аналары келді. Жиналған жұртшылық күн сайын бейбітшілікті сақтау үшін өз өмірлерін қатерге тігуге әзір Отан қорғаушылардың әрекетіне сүйсіне қарап отырды. Алаңға түрлі соғыстарға қатысқан  ардагерлер, қазіргі Отан қорғаушылар және әлі оқып жүрген жас жауынгерлер жиналды. Ұйымдастырушылар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің жақындығы ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтінін атап өтті.

Офицерлер үйінің жанында әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды.

 "Бүгін біз осындай жарқын және шуақты күнде Отан қорғаушыларымызды бұлтсыз көк аспан астында құрметтейтін ұлы мереке. Біздің әскери, тәртіп сақшылары мен арнайы қызметтердің басты миссиясы – елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Күш құрылымдары - бұл біздің шекарамыздың қауіпсіздігі. Әрі қарай да солай болсын", - деді Арман Қырықбаев.

Алғыс хаттарды Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары – Әскери құрам басқармасының бастығы Гаухар Сырлыбаева; қорғаныс департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы Жаслан Далбаев; Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери дирижері - оркестр басшысы, аға лейтенант Ади Қабдрахманов; мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Техникалық реттеу тобының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Әсет Майлыбаев ; Алматы қаласы прокуратурасы аппараттық басқармасының аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер Нұрсұлтан Жиделбай; криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Мұрат Рысқұлбеков; Алматы қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің жедел қызметкері Айбек Садыхан; Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ҚР ІІМ взвод командирі, полиция аға лейтенанты Айдос Жанкушиков; қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминология кафедрасының меңгерушісі М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Естай Әбілезов; Экономикалық тергеу және инспекциялар департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан алды. Сонымен қатар, полковник Раджан Жанысов "Құрмет" орденімен, ал подполковник Данияр Карманов "Айбын"орденімен марапатталды.

Мерекенің ресми бөлігі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттарының қару-жарақпен саптық жаттығуларымен аяқталды. Әскерилердің әрекеттерін бақылай отырып, тіпті ата-аналарымен бірге рәсімге келген кішкентай балалар да олармен бірге жаттығулар жасауға   тырысты. Содан кейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталды. Отан қорғаушыларға il canto вокалдық квартеті, Бағдат Әбдірайымов, Толқын Забирова, Жәмила Серкебаева және басқа да көптеген ұжымдар музыкалық сыйлық жасады.